Алматы маңында жантүршігерлік жол апатынан үндістандық студенттер қаза тапты

Дина Шарипханова Корреспондент
Алматы маңында жантүршігерлік  жол апатынан үндістандық студенттер қаза тапты видео кадры

Алматы облысы Полиция департаменті тасжолдағы жантүршігерлік жол-көлік оқиғасының мән-жайын айтты. Жол апаты салдарынан Үндістаннан келген студенттер қаза тапқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы облысы Полиция департаменті тасжолдағы жантүршігерлік жол-көлік оқиғасының мән-жайын айтты. Жол апаты салдарынан Үндістаннан келген студенттер қаза тапқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үндістанның Астанадағы елшілігі қайғылы оқиғаның 6 қаңтарда болғанын хабарлаған еді. Дипломатиялық өкілдік мәліметінше, көлікте Үндістанның бес азаматы болған — олардың төртеуі Шымкенттегі Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясының студенттері, ал біреуі турист. Олар Шымкенттен Алматыға қарай жолға шыққан.

Полиция мәліметінше, Алматы – Бішкек тасжолының 86-шақырымында болған ЖКО дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелген.

Реклама
Реклама

"Алдын ала деректер бойынша, Toyota Alphard автокөлігінің 33 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлік аударылып кеткен. Салдарынан жүргізуші алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған. Екі жолаушы медициналық мекемеде қайтыс болды, тағы үшеуі әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды", – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама