30 маусым 2021 17:42

Алматы маңында жол апаты болып, "Спутник V" құтылары сынды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: ©REUTERS

"Спутник V" вакцинасы бар құтыларды Алматыдан Талдықорғанға жеткізетін автокөлік ЖКО-ға түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Спутник V" вакцинасы бар құтыларды Алматыдан Талдықорғанға жеткізетін автокөлік ЖКО-ға түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі мәліметі бойынша, "ГамКовид-Вак" ("Спутник V") вакцинасы бар құтылар Алматыдағы бірыңғай дистрибьютор хабынан Талдықорғандағы Денсаулық сақтау басқармасының қоймасына тасымалдау барысында зақымдалған.

Жүк жол-көлік оқиғасы болған жерден Алматы қоймасындағы карантин аймағына қайта жеткізілген.

Реклама
Реклама

"Температура режимінің ауытқуына талдау және құтысы сынған, шытынаған өнімдерге бағалау жүргізілді. Талдау нәтижелері бойынша тек 6875 доза зақымданғаны анықталды. Вакцинаның қалған бөлігі жарамды санатқа қайтарылды", - деді Денсаулық сақтау министрлігі өкілі.

Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты бойынша, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жеткізумен "Медсервис Плюс" ЖШС айналысқан.

"Сақтау және тасымалдау бойынша қызмет көрсету шарты аясында тасмалдаушы өзіне берілген тауарға толық мүліктік жауапкершілікті ескере отырып, жоғалған (бүлінген) тауарды ауыстыру арқылы өтеді", - делінген Денсаулық сақтау министрлігі хабарламасында.

Сонымен қатар, Алматы облыстық полиция департаменті жол-көлік оқиғасы 31 мамырда сағат 23.30 шамасында болғанын хабарлады. Олардың мәліметі бойынша, "Мерседес Спринтер" автокөлігінің 20 жастағы жүргізушісі солтүстік бағытта "Алматы-Өскемен" автожолымен жүріп бара жатқан. Жолдың 232 шақырымда жүргізуші көлікті басқара алмай, "КАМАЗ 5220" жүк көлігінің тіркемесіне соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан екі көлік жүргізушісі зардап шекті. "Мерседес Спринтер" жүргізушісі түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген.

ЖКО дерегі қазір тергеліп жатыр. Тиісті шаралар кешені жүргізіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram