25 мамыр 2021 | 11:52

Алматы маңында оқушы 9 қабатты үйдің төбесінде ойнап жүріп құлап кетті

Видеодан алынған кадр

Алматы маңындағы ауылдардың бірінде оқушы 9 қабатты үйлердің ортасына құлап кетті. Ол сол жерде қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы маңындағы ауылдардың бірінде оқушы 9 қабатты үйлердің ортасына құлап кетті. Ол сол жерде қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жазатайым оқиға 24 мамырда кешкі сағат 18.00-де Талғар ауданы Бесағаш ауылында болған. Әлеуметтік желілерде оқиға орнынан кадрлар жариялаған куәгердің айтуынша, бала үйдің төбесінде басқа балалармен ойнап жүрген. Олар бір үйден екінші үйге өтіп жатқанда ғимараттар арасын жауып тұрған бөгет баланың салмағын көтере алмағаны хабарланды.

Реклама
Реклама

Алматы облысының ТЖД мәліметінше, қайғылы оқиға құрбаны 12 жастағы бала.

"Үлкендердің қарауынсыз қалып, балалармен үйдің төбесінде ойнап жүргенде ол абайсызда сейсмотермошва аралығына құлап кеткен. Оның ені 60 сантиметр, ұзындығы 17 метр, биіктігі 27 метр. Бала оқиға орнында қаза тапты", - деді ведомство өкілдері.

Өңірлік ТЖД өкілдері тұрғындардан балаларды қараусыз қалдырмауды сұрады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная