05 қыркүйек 2021 17:22

Алматы маңында тау бөктерінен өрт шықты

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Алматы ТЖД

Алматы маңындағы тау бөктерінде қураған ағаштар өртеніп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы маңындағы тау бөктерінде қураған ағаштар өртеніп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖД мәлеметінше, 5 қыркүйекте сағат 16:05-те Медеу ауданындағы Думан ықшамауданы, Аман Бөктер көшесі 46-үй маңында қураған ағаштар өртеніп жатқаны анықталған. Өрт сөндіру бригадасы дереу оқиға орнына барды.

Реклама
Реклама

"Оқиға орнына жеке құрамнан 25 адам, 5 техника, табиғи өртті сөндіру жөніндегі жиынтық жасақ қосымша жіберілді. Солтүстік жағынан өрт ошағының жеке секторға өту қаупі туындады. Оларды оқшаулау үшін өрт оқпандары берілді", - деді ТЖД өкілі.

ТЖД мәліметінше, бұл - облыс аумағы. Бірақ Думан ықшамауданы тұрғындарынан қоңырау көп түсуіне байланысты Алматы ТЖД Өрт сөндіру жасақтары жіберілген. Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің бірінші ошағы 1 гектарды, екіншісі - 1,5 гектарды шарпыған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram