ПОДЕЛИТЬСЯ
27 желтоқсан 2019 | 10:56
Алматы маңындағы әуе апатынан 14 адам қаза тапты
Bek Air ұшағының құлау салдарынан 14 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Bek Air ұшағының құлау салдарынан 14 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Bek Air әуекомпаниясының ұшағы (Z9-2100) 2019 жылы 27 желтоқсанда Алматы-Нұр-Сұлтан бағыты бойынша ұшып шыққан. Алдын ала мәлімет бойынша, 93 жолаушы және 5 экипаж мүшесі болған. Ұшақ Талғар ауданының Әлмерек ауылына құлаған. Таңғы 7:43-те 103 пультіне қоңырау түскен, Алматы облыстық (Талғар және Іле ауданы) 16 жедел жәрдем бригадалары жөнелтілген Талғар ауданынан 5 бригада, Іле ауданынан - 6 бригада, Боралдай - 2 бригада және Еңбекші қазақ ауданынан 3 бригада.
Алматыда 35 бригада жұмылдырылған. Екі нейрохирургиялық бригада жіберілген.
Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына 5 науқас жеткізілді, жағдайы өте ауыр. Алматы қаласының және Алматы облысының (Іле, Талғар, Еңбекшіқазақ аудандарының, Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының) стационарлары мобилизацияланған және зардап шеккендерді қабылдауға дайын.
Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығына 8 бала политравалармен санада жеткізілді.
ЖМК-ға политравмамен 5 ересек жеткізілді. № 4 ҚКА өте ауыр жағдайда 17 науқас жеткізілді. Оқиға орнында қаза болғандар 14. Медициналық ұйымдардан барлық психологтар жұмылдырылған.
Осы әуе апатынан кейін, Fokker-100 ұшақтарына ұшу рейстері тоқтатылды.
Показать комментарии
Читайте также