ПОДЕЛИТЬСЯ
06 қараша 2021 | 11:34
Алматы маңындағы саяжай тұрғындары сусыз, жылусыз қалды
Алматы облысындағы бірнеше саяжай тұрғындары газ, су, жарыққа зар болып отыр. Олардың айтуынша, күн суытқаннан кейін жағдай күрт нашарлаған. Жергілікті әкімдік көмектесетінін айтты, бірақ бұл аумақ жақын маңдағы елді мекендердің ешқайсына кірмейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv телеарнасына сілтеме жасап.

Тұрғындар газ қосылса, көмір іздеуден құтыламыз деп үміттенген.
"Газ үшін 420 000 төледік, олар 3 ай ішінде қосатынын айтты, бір аптадан кейін келу керек еді. Бірақ бір айда - ештеңе жоқ. Ақшасын төлеп қойып, күтіп отырмыз", - деді тұрғын Шырынгүл.
Газдың жоқтығы тұрғындардың жалғыз мәселесі емес. Күн сайын олар құдығы барлардан су сатып алу үшін бірнеше шақырым жол жүреді. Бірақ, жолдың жағдайы да мәз емес.
"Жол, жарық, Интернет және басқа да мәселелер туралы айтып-айтып болдық. Қазір газ бен су мәселесі алаңдатып отыр. 600-ден аса тұрғын сусыз отыр. Қашан бізге су келеді?" - деді тұрғын Тұрсынкүл Әбдірахманова.
Жауап алу үшін журналистер кооператив әкімшілігіне барғанымен, төрағаны орнынан таба алмаған. Жергілікті әкімдік бұл мәселеден хабардар екенін және жақын арада шешілетінін айтты.
"10 желтоқсанда газ тарату станциясы пайдалануға берілуі керек, содан кейін газбен қамту мәселесі жойылады. Тұрғындарға суды жеке кәсіпкер береді, бірақ құдық лайланған. Мәселе шешілген соң ауызсу беріледі", - деп сендірді Ащыбұлақ ауылдық округі әкімінің орынбасары Кенже Бурхина.
Ауылдық округ әкімшілігі саяжай жерінде ауыл мәртебесі жоқ болғандықтан, оның барлық коммуналдық мәселесін тікелей шеше алмайтынын жеткізді. Сондықтан тұрғындар тек кооператив әкімшілігіне үміт арта алады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также