06 қазан 2021 | 09:02

Алматы мектебінде мұғалім баланы ұрып, мазақ еткен

Алматы қаласының тұрғыны ұлын ренжіткендерден қомақты қаржы өтеп алмақ. Оның 11 жастағы ұлы мұғалімнен зардап шеккен, - деп хабарлайды КТК телеарнасы. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы қаласының тұрғыны ұлын ренжіткендерден қомақты қаржы өтеп алмақ. Оның 11 жастағы ұлы мұғалімнен зардап шеккен, - деп хабарлайды КТК телеарнасы. 

Музыка сабағы кезінде педагог баланың құлағынан ұрып, артынша, анасының айтуынша, ұлын "жылаңқы қыз" деп тіл тигізген. 

Болған жайттан кейін мұғалім жұмыстан кеткен. Алайда оқушыны басқа оқушылар мен мұғалімдер қудалаған. 

Реклама
Реклама

"Биыл баламды басқа мектепке ауыстырдық. Мұғалімді келесі күні жұмыстан шығарып жібергендіктен, әрине, сол жағдайдан кейін кейбір оқушылар мен мұғалімдер менің баламды аңди бастаған. Мұғалімдер оны жала жапты деп, оның кесірінен мұғалім жұмыссыз қалғаны үшін айыптады", - дейді баланың анасы.

Зардап шеккен баланың отбасы мектепке ашулы. Олар сотқа арызданып, бес миллион теңгеден өндіріп алмақ. Жеңіске жеткен жағдайда ақшаны қайырымдылыққа жұмсамақ. 

Мектеп әкімшілігі мәселе шешілгеніне сенімді болған. Алайда соттан келген жаңа соталды хабарлама олардың жағасын ұстатқан.  

"Біз үшін бұл күтпеген жайт болды: ешқашан қол көтеру жағдайы болмаған. Әрине, мұғалімді әрқалай ақтап алуға болады. Әділдік жағынан біз бұл жағдайда қандай шешім қабылдау керегін сот шешетін жағдайға жеттік", - деді Жания Әубәкірова атындағы мектептің трансформациялық, әкімшілік үдерістерінің басшысы Алмас Сапарғалиев. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная