28 мамыр 2021 | 08:24

Алматы облысында 15 жастағы оқушы асылып қалған

narasputye.ru сайтынан иллюстрация

Алматы облысында 15 жастағы оқушы асылып қалған. Анасы қызын әлдекімдер Интернетте суицидке итермелерді деп есептейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысында 15 жастағы оқушы асылып қалған. Анасы қызын әлдекімдер Интернетте суицидке итермелерді деп есептейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Жәпек батыр ауылында полицейлер 15 жастағы Диананың өлімі бойынша істі тергеп жатыр. Қыз үй қорасында төсек жаймасына асылып қалған. Анасы қызы өз бетімен мұндай қадамға баруы мүмкін емес дейді. Оның айтуынша, қызы бір интернет-топта болған, сол жақта жасөспірімдерге түрлі тапсырма береді, тіпті суицидке итермелейді-мыс.

"Қорқынышты! Үздік оқитын балаң... Төрт жасынан бастап мақтау қағазы алып келеді - балабақшадан. "Әнші балапанға" қатысқан. Өмір сүргісі келетін бала еді", - дейді Диананың анасы Бақытты Айтмұратова.

Реклама
Реклама

Қыздың туғандары суицид жасауға ешқандай себебі болмады дейді. Олардың айтуынша, Диана қайырымды әрі тез тіл табысқыш болған. Бірақ оқушының өлімінен кейін күнделігінен күмәнді жазбалар табылған.
 
Оқиға дерегі бойынша "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

"Сот-медициналық сараптаманың алғашқы қорытындысына сәйкес, кәмелетке толмағанның өлім себебі тыныс алу жолдарының механикалық асфиксиясы болды. Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр. Барлық қажетті тергеу амалы жүргізіліп жатыр", - деді Алматы облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Ақбота Әзірбек.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная