26 ақпан 2021 | 14:21

Алматы облысында Ан-2 ұшағы шұғыл қонды

Фото:seyminfo.ru

Боралдай-Кеген бағытында ұшқан "Азия Континенталь" авиакомпаниясының Ан-2 әуе кемесі шұғыл қонуға мәжбүр болды. Бұл туралы Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Боралдай-Кеген бағытында ұшқан "Азия Континенталь" авиакомпаниясының Ан-2 әуе кемесі шұғыл қонуға мәжбүр болды. Бұл туралы Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұшақ Боралдай тасжолынан шығысқа қарай 1,5 шақырым жерде қонды.

"Бортта бес адам болған. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ", - деді Азаматтық авиация комитетнің өкілдері.

Реклама
Реклама

Қазақстан Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру басқармасы тергеу жүргізеді.

Айта кетейік, бұған дейін мұндай оқиға Шығыс Қазақстан облысында болған. 8 ақпанда Ан-2 ұшағы Өскеменнен Зайсанға ұшты. Ұшу кезінде ұшқыш қозғалтқыш қуатын жоғалтқаны туралы хабарлады. Ұшақ Өскеменнен оңтүстікке қарай 23 шақырым жердегі тасжолда қонуға мәжбүр болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная