ПОДЕЛИТЬСЯ
10 маусым 2022 | 14:17
Алматы облысында автобус пен жеңіл көлік соқтығысты: жүргізуші қаза тапты
Еңбекшіқазақ ауданындағы тасжолда автобус пен екі жеңіл көлік соқтығысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Еңбекшіқазақ ауданындағы тасжолда автобус пен екі жеңіл көлік соқтығысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жеңіл көлік жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, автобуспен соқтығысқан. 34 жастағы Hyundai Getz жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты.
Жол апаты салдарынан тасжолда үлкен кептеліс пайда болған.
"Қажет сараптамалар тағайындалды. ЖКО дерегі бойынша тергеу "Абайсызда адам өліміне әкеп соққан көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы ережелерін бұзуы немесе көлік құралдарын пайдалануы" бабы бойынша жүргізіледі. Басқа зардап шеккендер жоқ", - деді Алматы облысы ПД баспасөз қызметі өкілі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также