24 қараша 2023 | 16:53

Алматы облысында автобустағы жолаушыларды құтқарып қалған оқушы марапатталды

видео кадры

Алматы облысында сегізінші сынып оқушысы бақылаусыз қалған автобустың жолаушыларын аман алып қалды. Оқушыны Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев марапаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысында сегізінші сынып оқушысы бақылаусыз қалған автобустың жолаушыларын аман алып қалды. Оқушыны Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев марапаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

24 қарашада Іле ауданының тұрғындарымен есеп беру кездесуінде Марат Сұлтанғазиев өз әрекетімен оқыс оқиғаның алдын алған жас батырды құттықтады.

"22 қарашада мектептен қайтып келе жатқан бала ондаған жолаушы мен бақылаусыз қалған автобус жүргізушісінің өмірін сақтап қалды.

Егер сегізінші сынып оқушысының батыл әрекеті болмаса, басқарудан шыққан көп тонналық көлік үлкен жылдамдықпен тұрғын үйлерге кіріп кетуі мүмкіндігі жоғары болатын. Сонда оқиғаның салдары әлдеқайда ауыр болар еді. Бірақ бақытымызға қарай, қайғылы жағдайдың алдын алды. Қоғамдық көлік жүргізушісінің кенеттен жағдайы нашарлағанын көрген оқушы жүріп бара жатқан автобустың басқару салонына кіріп, тежегішті дер кезінде басып, көлікті тоқтатып үлгерген", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

№24 мектеп-лицейінің 8-сыныбында оқитын батыл оқушының есімі Ақжол - мектептің қоғамдық өміріне белсене араласып, сыныптастары мен кіші балаларға көмектесуге әрқашан дайын.

Ерлігі үшін сегізінші сынып оқушысы Ақжол облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтің қолынан "Алғыс хат" пен iPhone 15 моделін салтанатты түрде алды.

"Мұндай әрекеттер ерекше алғыс пен құрметке лайық. Біз барша жастарға үлгі болуы тиіс өңіріміздің жас батырын мақтан тұтамыз", - деді Алматы облысының әкімі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная