13 қараша 2023 17:35

Алматы облысында әйел ер адамды жүк көлігі астына итеріп жіберген: оқиға видеоға түсіп қалды

видео кадры

Алматы маңындағы тасжолда әйел ер адамды жүріп келе жатқан жүк көлігі астына итеріп жіберді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Видео әлеуметтік желілерде пайда болды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы маңындағы тасжолда әйел ер адамды жүріп келе жатқан жүк көлігі астына итеріп жіберді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Видео әлеуметтік желілерде пайда болды.

Полиция оқиғаның 30 қазанда Алматы-Бішкек тасжолында болғанын хабарлады.

Реклама
Реклама

"2023 жылдың 30 қазанында Қарасай ауданының Полиция басқармасына Алматы-Бішкек тасжолында Volvo жүк көлігі жүргізушісі белгісіз ер адамды қағып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Тексеру кезінде әйел ер адамды жүк көлігі астына итеріп жібергені анықталды", - делінген полиция хабарламасында.

Дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі ("Адам өлтіру") бойынша аудандық полицияға тіркелді.

"Жедел іздестіру шаралары барысында 1963 жылы туған әйел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады Алматы облысы Полиция департаменті басшысы Бауыржан Әленов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram