20 мамыр 2022 08:53

Алматы облысында балалы әйелді көлік қағып кеткен сәт видеоға түсіп қалған

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Көрнекі сурет: Тengrinews

28 жастағы жүргізуші жолда 37 жастағы әйел мен 11 жастағы баланы қағып кеткен. Оқиға Алматы облысы Қарасай ауданы Қаскелең қаласында болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

28 жастағы жүргізуші жолда 37 жастағы әйел мен 11 жастағы баланы қағып кеткен. Оқиға Алматы облысы Қарасай ауданы Қаскелең қаласында болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға орнында Қарасай аудандық полиция басқармасының взвод командирі, аға лейтенант Мирас Мыңжанов болған. Ол жедел жәрдем көлігін күтпей, оларға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жергілікті ауруханаға апарған.

Реклама
Реклама

"Жол апатынан зардап шеккендер түрлі жарақаттармен Қарасай аудандық ауруханасына жатқызылды. Қажет сараптамалар тағайындалып, қылмыстық тергеу басталды. Автокөлік тәркіленіп, арнайы тұраққа қойылды", - деді Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram