Алматы облысында балық аулауға шыққандар жоғалып кеткен

ТЖМ баспасөз қызметі ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы облысында балық аулауға шыққандар жоғалып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы облысында балық аулауға шыққандар жоғалып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

22 наурызда кешке Алматы облысы ТЖД 112 пультіне таңертең ерте бес адам Ұзын-Қарғалы өзені бойындағы Қарғалы ауылының тауларына балық аулауға кеткені туралы хабарлама түскен.

Топтан тек бір адам өздігінен түсіп, қалған төртеуінің (бір ересек және үш жасөспірім) қайда екені белгісіз болған.

"3 техника, 2 ұшқышсыз ұшу аппараты, 2 кинологиялық есеп және 2 спутник телефоны арқылы іздестіру-құтқару жұмыстарына жұмылдырылған 13 құтқарушы балықшыларды Ұзынқарғалы бөгетінен 15 шақырым жерде, ашық аумақта тапты. Жоғалған адамдардың жағдайы тұрақты. Ешкімге медициналық көмек қажет емес. Құтқарушылардың сүйемелдеуімен олар таудан түсіріліп, елді мекенге жеткізілді", - деп жазылған хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная