Алматы облысында блокбекетте жүргізуші полицейді қағып кетті

Видеодан алынған кадр

Алматы облысында жүргізуші блокбекетте полицейді қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы облысында жүргізуші блокбекетте полицейді қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Желіде Қаскелеңде болған жол апатының видеосы тарап жатыр. 

Ролик авторының айтуынша, бұл оқиға 6 сәуірде шамамен сағат 15.00-де болған. Куәгерлердің сөзіне қарағанда, Lada Priora тізгінін басқарған ер адам полицейлерге бағынбаған. Сондай-ақ, жүргізушінің көлігінде мемлекеттік нөмір болмағаны анықталған. 

Реклама
Реклама

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бұл оқиға Абылай хан мен Наурызбай батыр көшелерінің қиылысында болған.

"Lada Priora жүргізушісі полицейлерге бағынбай, оқиға орнынан кетпекші болған. Салдарынан Қарасай ауданының Полиция басқармасының инспекторы Әділет Байқадыров зардап шеккен. Қаскелеңнің 48 жастағы жүргізушісі ұсталды. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 613-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деді полицейлер.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама