25 қаңтар 2019 16:04

Алматы облысында екі баланы қағып кеткен жүргізуші ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысы Іле ауданында жаяу жүргіншілерге арналған жолда жасөспірімді қағып кеткен жүргізуші ұсталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Оқиға 24 қаңтарда Өтеген батыр кентінде болған. Жаяу жүргіншілер өткелі арқылы жолдан өтпекші болған 11 және 13 жасар ағалы-інілі екі баланы Hyundai маркалы кіші жүк көлігі қағып кеткен. 11 жастағы бала алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды. 13 жастағы жасөспірім әртүрлі дене жарақатын алып, амбулаторлық емдеуге жіберілді.

"Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта 23 жастағы көлік жүргізушісі Іле ауданы полициясының уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді ведомство өкілдері.

Айта кетейік, көлік апатынан кейін жүргізілген медициналық куәландыру нәтижелері бойынша жол-көлік оқиғасы кезінде жүргізуші алкогольді ішімдік қабылдамағаны анықталды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети