29 наурыз 2022 12:43

Алматы облысында екі балықшы суға кетті

Сурет: РЖҚЖ баспасөз қызметі

Алматы облысында екі балықшы суға кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РЖҚЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында екі балықшы суға кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РЖҚЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

28 наурызда сағат 17:30-да РЖҚЖ кезекші-диспетчерлік бөліміне Деревянное көлінде оқыс оқиға болды деген хабарлама түскен.

"1973 және 1969 жылғы екі балықшы үрлемелі резеңке қайықпен балық аулау кезінде, қайық кенеттен аударылып, ер адамдар суға батып кеткен. Куәгерлер бірден бір ер адамның денесін судан шығарып алған.

Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы оқиға орнына шықты. Іздестіру-құтқару шараларын жүргізу барысында, сағат түнгі 00.00-де құтқарушы-сүңгуірлер екінші ер адамның денесін тауып, судан шығарды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Құтқарушылар қайықпен балық аулау кезінде сақ болуды және міндетті түрде құтқару кеудешесін киюді ескертті. Төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне қоңырау шалу керегін еске салды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram