11 мамыр 2019 | 14:22

Алматы облысында екі оқушы егде жастағы ер адамды аяусыз ұрып-соққан

Алматы облысында 58 жастағы тұрғылықты үйі жоқ ер адамды соққыға жыққан екі жасөспірім ұсталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысында 58 жастағы тұрғылықты үйі жоқ ер адамды соққыға жыққан екі жасөспірім ұсталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Оқиға Қапшағай қаласында тіркелген, онда тұрғылықты мекен-жайы жоқ ер адам жергілікті ауруханаға коматозды күйде түскен. Полиция қызметкерлері жәбірленушінің орталық қалалық саябақта қатты соққы көргенін және ауыр халде ауруханаға жеткізілгенін анықтады. 

Реклама
Реклама

"Қапшағай полицейлері куәгерді тапқан. Ол жәбірленушінің екі жас баламен жанжалдасу салдарынан жарақат алғанын айтты. Жедел іздестіру шарасы барысында жергілікті кешкі мектептің 17 жастағы оқушылары болып шыққан күдіктілер ұсталды және қалалық полиция бөліміне жеткізілді. Қазір ер адамға қатысты кәмелетке толмағандардың мұндай қадамға баруының себебін анықтап жатыр. Күдіктілердің екеуі де әзірге қамауға алынды", - деді Алматы облысы ІІД баспасөз қызметі.

Жәбірленушінің жағдайы ауыр, ол комада жатыр. Қапшағай полиция бөлімінің тергеушілері денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру дерегі бойынша тергеу шараларын жүргізеді. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная