05 шілде 2021 20:17

Алматы облысында Eurocopter тікұшағы құлады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: sky-service.com.kz

Алматы облысында Eurocopter EC 130B4 тікұшағы құлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі азаматтық авиация комитетіне (ААК) сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында Eurocopter EC 130B4 тікұшағы құлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі азаматтық авиация комитетіне (ААК) сілтеме жасап.

Оқиға 2021 жылдың 5 шілдесінде Алматы облысында сағат 17.40-та болған. "Q-AVIA" ЖШС басқаруындағы тіркеу нөмірі UP-EC008, Eurocopter EC 130B4 тікұшағы қатты қонған. Әуе кемесінің бортында экипаждың бір мүшесі және екі жолаушы болған, зардап шеккендер жоқ.

"Дерек бойынша комиссия құрылды, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру басқармасы тергеу жүргізеді", - деді ААК өкілі.

Реклама
Реклама

Eurocopter EC 130B4 - көп мақсатты тікұшақ. Sky-service.com.kz сайтындағы мәлімет бойынша, тікұшақ салонында алты орындық бар. Тікұшақты экскурсия, VIP-жолаушыларды тасымалдау үшін пайдаланады. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram