01 сәуір 2020 | 09:32

Алматы облысында фургон дөнер сататын орынды қиратып кетті. Бір адам қаза тапты

Қапшағайда автофургон дөнер мен кәуап дайындайтын павильондарды қиратып, жол апаты салдарынан бір адам қаза тауып, тағы екі адам ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Шамамен сағат 18.00-де Юбилейный ауданының маңында жол апаты болып, бір адам қаза тауып, үш адам зардап шекті. Оқиға орнына барған полицейлер тауар жеткізіп жүрген жүк фургонының көлік тізгініне ие бола алмай, дөнер мен кәуап сататын павильондарды қиратып кеткені анықталды", - деді облыс әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел.

Реклама
Реклама

Оның айтуынша, көлік үш адамды қағып кеткен.

"Салдарынан 69 жастағы ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты. Зардап шеккен екі адам Қапшағайдағы ауруханаға жеткізілді. Әзірше жағдайлары белгісіз", - деді Жүкел.

Қазіргі уақытта осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Мұнай бағасы құлдырады
Жаңа министр ант қабылдады