23 маусым 2023 10:37

Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты болып, екі адам қаза тапты

Дина Шарипханова Корреспондент
видео кадры

Алматы облысында ірі жол апаты болып, екі адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында ірі жол апаты болып, екі адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 22 маусымда Ақсай-Шонжы-Қалжат тасжолында болған. 32 жастағы әйел тізгіндеген Lexus көлігі аударылып, жүргізушісі рульге ие бола алмай қалған.

"Жол апаты салдарынан көлік жүргізушісі мен жолаушы әйел оқиға орнында қаза тапты. Тағы бір 25 жастағы жолаушы түрлі жарақаттармен Шонжы ауылындағы ауруханаға жатқызылды", - деді Алматы облысының полициясы өкілдері.

Реклама
Реклама

Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша Ұйғыр ауданы полиция бөлімінде тіркелген.

"Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайын объектив зерттеуге бағытталған сараптама тағайындау арқылы барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", - деп қосты облыстық полиция департаментіндегілер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram