12 маусым 2024 | 09:40

Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан бір отбасының төрт мүшесі қаза тапты

Видео кадры/facebook.com

Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан төрт адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан төрт адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

12 маусымда Алматы-Шелек-Қорғас автожолының 105 шақырымында адам өліміне әкелген жол апаты болды.

Toyota Hiace жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, көлік аударылып кеткен. Апат салдарынан төрт жолаушы жол-көлік оқиғасы болған жерде қаза тапты. Жүргізуші мен тағы екі жолаушысы әртүрлі дене жарақаттарымен Шелек ауылының ауруханасына жатқызылды.

Реклама
Реклама

Бұл факт бойынша қажетті сараптамаларды тағайындаумен қылмыстық іс қозғалды. Микроавтобустың қаза тапқан төрт жолаушысы бір отбасының мүшелері екені айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram