31 тамыз 2019 | 15:40

Алматы облысында жарылыс болды. Бір адам қаза тапты

Алматы облысындағы зауыттардың бірінде жарылыс болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысындағы зауыттардың бірінде жарылыс болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

ТЖК мәліметі бойынша, 31 тамызда сағат 12.20 шамасында Қарасай ауданы Райымбек ауылында газ-бетон блоктарын өндіретін цехта жарылыс болды. Жоғары қысымдағы газбетонды блоктарды өндіру барысында автоклав жарылып, кейін цехтың жарылып, ғимарат бүлінген. Жарылыс салдарынан түтін мұржасының бір бөлігі жеке тұрғын үй секторының аумағына құлап кеткен.

Реклама
Реклама
Посмотреть эту публикацию в Instagram

посёлок Райымбек. Кто в курсе?

Публикация от DOROGI ALMATY 24/7????????____ (@dorogi_almaty_official) 30 Авг 2019 в 11:58 PDT

Жарылыс болған жерден 1961 жылы туған ер адамның мәйіті табылды. Сондай-ақ, оқиға орнынан әр түрлі дене жарақатын алған үш адам аудандық ауруханаға жеткізілді.

Жарылыс салдарынан цех аумағында тұрған Мерседес МЛ-300 және Тойота Авенсис автокөліктері бүлінген.

Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша қаза тапқан жұмысшының отбасына көмек көрсетіледі. Жарылыс салдарынан бүлінген үйлер мен басқа да әлеуметтік нысандар кәсіпорын қаражаты есебінен қалпына келтіріледі. Жұмыс 2-3 күн ішінде аяқталуы тиіс.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная