22 қыркүйек 2023 | 15:56

Алматы облысында жасөспірім 6 оқушы қызды көлікпен қағып кетті

Дина Шарипханова Корреспондент
видео кадры

Алматы облысында көлік тізгіндеген жасөспірім оқушы қыздарды қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысында көлік тізгіндеген жасөспірім оқушы қыздарды қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде Алматы облысының Нарынқол ауылында 10-сынып оқушысы көлік тізгініне отырып, жылдамдықпен келіп оқушы қыздарды қағып, бірнеше метрге сүйреп кеткені туралы ақпарат пайда болды. Үш қыз ауыр халде ауруханаға жеткізілгені хабарланды.

Реклама
Реклама

Алматы облысы полициясының баспасөз қызметі мәліметінше, 21 қыркүйекте Райымбек аудандық полиция бөліміне Нарынқол ауылында Subaru көлігін басқарған 15 жастағы кәмелетке толмаған баланың рөлді басқара алмай, жаяу жүргіншілер жолағына шығып кеткені туралы хабарлама түскен.

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан 2008 жылы туған алты кәмелетке толмаған бала зардап шекті, оның бесеуі түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Факт ҚР ҚК-ның 345-бабы 2-бөлігі бойынша аудандық полиция органдарына тіркелді. Қазіргі уақытта сараптама тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады полиция.

Полицейлер жеткіншек ағасының көлігінің кілтін алып, ескертусіз дүкенге бармақ болғанын атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная