01 маусым 2022 | 12:35

Алматы облысында жеңіл көлік пойызбен соқтығысты

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Фото:instagram.com/eltai_okrug

Алматы облысында "Жигули" автокөлігі пойызбен соқтығысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысында "Жигули" автокөлігі пойызбен соқтығысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 1 маусымда таңертең Алматы маңындағы Қарасай ауданында болған. Жармұхамбет ауылына барар жолдағы өткелде "Жигули" көлігі пойызбен соқтығысып қалған. Куәгерлер оқиғаның видеосын әлеуметтік желіде жариялады. Онда жеңіл көлік жүргізуші жағынан соқтығысқаны көрінеді. Алайда видеодағы жазбада қайтыс болғандар жоқ екені айтылады.

Кадрлардан оқиға салдарынан өткелдегі көлік қозғалысы тоқтап қалғанын көруге болады. Кейбір жүргізушілер кептелісте 30 минуттан аса уақыт тұрғанын айтқан.

Реклама
Реклама

"Қазақстан темір жолы" мәліметінше, оқиға таңғы сағат 6-да Боралдай-2-ЖЭО тұйығы аралығында болған. Жол апаты "Жигули" жүргізушісінің кесірінен болғаны айтылады.

"Автокөлік жүргізушісі 35 вагоны бар маневр локомотивке жол бермей, өткелге шығып кеткен. Машинист пойызды шұғыл тежеген. Вагондар шығып кетуіне жол берілмеген. Оқиғадан кейін көлік жолаушысының қолы сынып, ауруханаға түсті. Жүргізуші зардап шеккен жоқ", - деді ұлттық компания өкілі.

Теміржол құрамы жолдан басқа локомотивпен шығарылып, қозғалыс ашық және қалпына келтірілген.

"Кіреберіс жол ЖЭО-2-ге, локомотив жекеменшік иесіне тиесілі. Оқиғаның алдын ала себебі - автокөлік жүргізушісінің жол қозғалысы ережелерін бұзуы", - деп толықтырды "Қазақстан темір жолы" баспасөз қызметі өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная