06 ақпан 2014 18:32

Алматы облысында жер сілкінісі болды

©Some.kz

Алматы облысында жер сілкінісі болды деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістеме экспедициясына сілтеме жасаған Tengrinews.kz. "Сейсмикалық станциялар желісі 6 ақпан күні Алматы уақыты бойынша сағат 16.15-те жер сілкінісін есепке алды. Эпицентрі Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 411 шақырымда орналасқан", - делінген хабарламада. Жер сілкінісінің магнитудасы 3,8 болады, энергетикалық класы - 8,8. Жерасты дүмпулерінің сезілгені туралы мәлімет жоқ. Мұның алдында сағат 10.13-те Алматы қаласынан 718 шақырымда магнитудасы 5 болатын жер сілкінісі тіркелген. Бұл - Қытай мен Тәжікстанның шектесетін өңірі. Зілзаладан зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Болжау комиссияларының мәліметіне сүйенген ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, 12 ақпанға дейінгі аралықта Алматы полигоны аумағында MSK-64 шкаласы бойынша 7 балға жететін жер сілкінісі болмайды. Еске салайық, 3 ақпан күні Талдықорған қаласынан 166 шақырым қашықтықта магнитудасы 3,4-ке тең сілкініс болған еді. Жерасты дүмпулері тұрғындарға сезілмеген.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram