ПОДЕЛИТЬСЯ
19 қаңтар 2022 | 09:30
Алматы облысында жоғалып кеткен Нұр-Сұлтан тұрғынын екі көлік қағып өлтірді
15 қаңтарда Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында жол апаты болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сілтеме жасай отырып.
ПОДЕЛИТЬСЯ
15 қаңтарда Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында жол апаты болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сілтеме жасай отырып.
Алматы - Көкпек - Көктал тасжолының 42-шақырымында екі көлік жаяу жүргіншіні қағып өлтірді. Тергеушілер Жамбыл ауылына анасына қонаққа келген 45 жастағы Нұр-Сұлтан тұрғыны белгіленбеген тұстан жолды кесіп өтпек болған жерінен Mitsubishi Carisma көлігін тізгіндеген 29 жастағы Талғар тұрғыны қағып кеткенін анықтаған.
Содан кейін ВАЗ-2114 көлігін тізгіндеген Еңбекшіқазақ ауданының 31 жастағы тұрғыны жаяу жүргінші екінші рет қағып кетіп, ары қарай оны қағып кеткен автокөлікпен соқтығысқан. Нәтижесінде, жаяу жүргінші алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмған.
Марқұмның анасының айтуынша, ол ұлының Еңбекшіқазақ ауданына қалай барғанын білмейді. Түнде ол шаруаларымен бір жерге кетіп, жоғалып кеткен.
© polisia.kz
"Жол апатының себебі түнде көлік алдында жолды кесіп өткен жаяу жүргіншінің жол қозғалысы ережесін сақтамауы болды. Іс бойынша сараптамалар тағайындалды, олар жәбірленушінің мас күйде болып-болмағанын немесе жүргізушілер жол апатының алдын ала мүмкіндігі бар ма еді деген мәселелер тексеріледі. Азаматтарды жол жүру ережелерін сақтауға және жолды белгіленген жерлерден ғана өтуге шақырамын", - деді Еңбекшіқазақ АІІБ бастығы Жақсылық Алтынбаев.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также