Алматы облысында жол апатынан 7 адам қаза тапты

Видеодан алынған кадр

Алматы облысындағы Алматы - Өскемен тасжолында жол-көлік оқиғасынан жеті адам қаза тапты. Көлік жүргізушісі жол жиегінде тұрған жүк көлігіне соғылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы облысындағы Алматы - Өскемен тасжолында жол-көлік оқиғасынан жеті адам қаза тапты. Көлік жүргізушісі жол жиегінде тұрған жүк көлігіне соғылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қайғылы оқиға 14 ақпанда автожолдың 342-шақырымында болды. Алматы облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Nissan Qashqai жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, жол жиегінде тұрған Volvo ауыр жүккөлігімен соқтығысқан.

"Жол апатынан жеті адам қаза болды: Nissan жүргізушісі мен төрт жолаушы, сондай-ақ Volvo жүргізушісі мен бір жолаушы. Қайтыс болғандардың кім екені анықталды. Оқиға болған жерде облыстық полиция департаментінің қызметкерлері, сондай-ақ Ақсу ПБ жедел-тергеу тобы жұмыс істеді. Алматы облысының полиция департаменті қайғылы жағдайда қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтады. Факт бойынша сотқа дейінгі тергеу ҚК-нің 345-бабына сәйкес жүріп жатыр", - деп хабарлады Алматы облысы ПД баспасөз қызметіндегілер.
 
Әлеуметтік желілерде апаттан кейін түсірілген видео пайда болды.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама