ПОДЕЛИТЬСЯ
20 наурыз 2021 | 16:19
Алматы облысында жол апатынан екі адам қаза тапты
Алматы-Өскемен тасжолында жол апатынан екі адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы-Өскемен тасжолында жол апатынан екі адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полиция мәлімдетінше, 19 наурызында сағат шамамен 16.30-да оңтүстік бағыттағы Алматы-Өскемен тасжолының 89-ышы шақырымда "Лада Ларгус" автомобилінің 57 жастағы жүргізушісі көлігін басқара алмай, апатқа ұшырады.
"Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші оқиға болған жерде көз жұмды, ал оның бес жолаушысы Қапшағай қаласының ауруханасына жеткізілді. Кейін шамамен сағат 17-де жолаушылардың бірі алған жарақаттарынан медициналық мекемеде көз жұмғаны белгілі болды", - деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі өкілі.
Жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу аясында барлық қажетті сараптама тағайындалды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также