Алматы облысында жол апатынан ер адам қаза тапты

Алматы облысында жол апатынан ер адам көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Алматы облысында жол апатынан ер адам көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қайғылы оқиға 28 тамызда сағат 06.40-та Алматы-Көкпек-Көктал жолының 65-ші шақырымында болған.

"Mitsubishi Galant жүргізушісі шығыс бағыттағы тас жолда келе жатқан. Көлігін басқара алмай қалған ол қарсы бетке шығып кетіп, 41 жастағы жүргізуші айдап келе жатқан Mercedes-Benz Sprinter-ге алдымен соғылған", - деп түсіндірді аймақ полициясы.

Реклама
Реклама

26 жастағы Mitsubishi Galant жүргізушісі оқиға болған жерде көз жұмды. Сондай-ақ, 45 жастағы жолаушы түрлі жарақат алып, ауруханаға түсті.

Қылмыстық кодекстің 345-бабы, 3-бөлігі "Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама