Алматы облысында жол бойында көкпар тартқандардың видеосы жарияланды

Дина Шарипханова Корреспондент

Алматы облысында жол бойында көкпар тартқандар жүргізушілерді ашуландырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы облысында жол бойында көкпар тартқандар жүргізушілерді ашуландырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға Қарасай ауданында Алматы-Жандосов тасжолында болған. Оны тұрғындар жоғарғы Қаскелең тасжолы деп те атайы. Көліктер қозғалысына кемінде 50 шабандоз кедергі болған. Олар жол жиегінде атпен шауып, тасжолға шығып кеткендері де болған. Бұл жүргізушілерді ашуландырды: олар жағдайды видеоға түсіріп, әлеуметтік желілерде жариялаған.

"Бір топ жігіт жол бойында көкпар ұйымдастырды, басқа жер жоқ па?" - делінген видео сипаттамасында.

Реклама
Реклама

Назар аударыңыз! Видеода былапыт сөздер айтылған.

Облыс полицейлері мәліметінше, оқиға 26 ​​наурызда болған. Тәртіп сақшылары көкпарды сәбидің дүниеге келуіне орай Райымбек ауылының 34 жастағы тұрғыны ұйымдастырғанын анықтады.

"Шабандоздар көлік қозғалысына кедергі келтірді. Жергілікті атқарушы органдарға бұл оқиға туралы хабарланбаған. Осыған байланысты қатысушылар бақылаусыз қалып, ойын алаңынан шығып кеткен. Құқық бұзу дерегін ескере отырып, ұйымдастырушы ӘҚБтК-нің 434-бабы "Ұсақ бұзақылық" бойынша жауапкершілікке тартылды", - деді Алматы облысының полиция департаменті баспасөз қызметі өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама