13 ақпан 2021 | 14:24

Алматы облысында жолаушылары бар "Газель" қар көшкіні астында қалды

© pixabay.com

Алматы облысында жолаушылары бар "Газель" қар көшкіні астында қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысында жолаушылары бар "Газель" қар көшкіні астында қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Оқиға 9 ақпанда сағат 17.00-де Панфилов ауданының Басқұншы ауылдық округінде, таулы жерде, жаңадан салынып жатқан Шүкірбұлақ - Қазанкөл трактор патрульдік жолының 23-ші шақырымында болды. Екі қар көшкіні "Газельді" басып қалды, оның салонында осы жолды салумен айналысатын мердігер ұйымның жеті қызметкері болған. Олар жұмыстан соң 19-шы шақырымда орналасқан уақытша базаға кетіп бара жатқан. 

"Мердігер ұйым өз күшітері мен қаражатына жеті қызметкерге көмек көрсетті. Қар көшкіні салдарынан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ, жол тазаланды. ТЖД құтқарушылары оқиға болған жерге шақырылмады. Жағдайды нақтылау үшін оқиға орнына ТЖД, "Қазселденқорғау" және ЖАО қызметкерлерінен төрт адам шықты", - деп хабарлады облыстың ТЖД өкілдері.

Реклама
Реклама

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысының ТЖД өкілдері өңірдің таулы аудандарында көшкін болуы мүмкін екенін ескерткен болатын. Облыс аумағында көшкін қаупі әлі де бар. Осыған байланысты сақтық ережелерін сақтау және таулы жерлерге барудан және серуендеуден бас тарту қажет.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная