Алматы облысында Калашников автоматтары жасырылған үш қойма табылды - ҰҚК

Фото: ҰҚК

Алматы облысында үш қару қоймасы анықталды. Алдын ала мәлімет бойынша, қару қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы облысында үш қару қоймасы анықталды. Алдын ала мәлімет бойынша, қару қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2024 жылғы 6-9 ақпанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Бас прокуратураның үйлестіруімен жедел-іздестіру іс-шаралары шеңберінде Алматы облысында қаруы бар 3 жасырын орынды анықтады.

"4 Калашников автоматы мен оған 3 оқжатар, Макаров тапаншасы, карабин, аңшы мылтығы, сондай-ақ әртүрлі калибрдегі 65 патрон алынды", - делінген хабарламада.

Алдын ала деректер бойынша, табылған қару қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған. Соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная