02 мамыр 2022 20:04

Алматы облысында картингте 10 жастағы бала қаза тапты

Видео кадрлары

Алматы облысының Іле ауданында картингте 10 жастағы бала қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысының Іле ауданында картингте 10 жастағы бала қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы облысы ПД баспасөз қызметінің хабарына қарағанда, алдын ала мәлімет бойынша, бала картингті басқарып келе жатып, пластмассадан жасалған қоршау блоктарын бұзып өтіп, сол жерде тұрған ГАЗ-53 су тасығышымен соқтығысқан.

"Куәгерлердің айтуынша, картинг әйел басқарған басқа картингтің соққысынан инерция арқылы қоршаудан шығып кеткен", - деді полицейлер.

Реклама
Реклама

Оқиға орнында Іле аудандық полициясының жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Тәртіп сақшылары қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram