ПОДЕЛИТЬСЯ
15 мамыр 2022 | 17:15
Алматы облысында көшкін салдарынан 5 жасар қыз жоғалып кетті
Алматы облысының Текелі қаласында лай массасы жиналды. Бірнеше үй зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы облысының Текелі қаласында лай массасы жиналды. Бірнеше үй зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Текелі қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, зардап шеккен барлық отбасы қауіпсіз жерге көшірілді. Олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Алайда көшкін салдарынан 5 жасар қыз із-түзсіз жоғалып кеткен. Қазір оны іздеу жұмыстары жүріп жатыр.
"Сағат 12.00-де Қонаев көшесі 350, 348 үйлер ауданында топырақ қатты ылғалдануы нәтижесінде тұрғын үйлерге лай массасы жиналғаны туралы хабарлама түсті. Үй иелерінің айтуынша, 5 жасар қызы іс-түссіз жоғалған. Жергілікті атқарушы органдар көшкін салдарын жою жөнінде штаб құрды. Зардап шеккен отбасылар қауіпсіз жерге көшіріледі", - деді Текелі қаласы әкімінің баспасөз қызметіндегілер.
Жергілікті тұрғындар оқиға орнынан түсірілген кадрларды әлеуметтік желілерде жариялады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также