10 наурыз 2021 17:10

Алматы облысында құбырдан газ шығып, көлік өртенді

Видеодан алынған кадр

Алматы облысында газ құбырынан табиғи газ шығып, салдарынан жақын жерде тұрған көлік жанған. Төтенше жағдайлар департаменті ақпарат берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында газ құбырынан табиғи газ шығып, салдарынан жақын жерде тұрған көлік жанған. Төтенше жағдайлар департаменті ақпарат берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиғаның видеосы Желіде пайда болды. @ZTB Telegram-арнасы "Құлжа тасжолы бойындағы Табак ауылында газ құбырынан от шығып, жақын маңда тұрған көліктерге қауіп төндіргенін" жазды.

Бұл туралы Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті толық мәлімет берді.

Реклама
Реклама

"10 наурызда сағат 16.01-де Талғар ауданы Панфилов ауылында газ құбырынан шыққан оттан жеңіл көлік тұтанып, өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Алматы облысы ТЖД және 102, 103, 104 шұғыл қызметі оқиға болған жерге барды", - деп хабарлады облыстық ТЖД өкілдері.

Газ құбыры қалыпқа келтіріліп, жанған көлік сөндірілді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram