ПОДЕЛИТЬСЯ
12 қараша 2021 | 12:12
Алматы облысында минивэн жүргізуші темірге соғылған
Алматы облысында темірге соғылған минивэн жүргізушісі таңғаларлық жағдайда аман қалып, ауруханаға түскен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы облысында темірге соғылған минивэн жүргізушісі таңғаларлық жағдайда аман қалып, ауруханаға түскен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Темір көлік салонына өтіп кеткен.
"Қошманбет ауылы... сақ болыңыздар, абай болыңыздар", - дейді видеода.
Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі жол-көлік оқиғасының 12 қараша күні сағат 02.40 шамасында Алматы-Нұр-Сұлтан тас жолының 40-шақырымында болғанын хабарлады.
"Белгіленген мәліметтер бойынша, Toyota Previa маркалы автокөлік құралының 50 жастағы жүргізушісі Алматы-Нұр - сұлтан автожолының бойымен оңтүстік бағытта жүріп, рөлді басқара алмай, жол шетіндегі темірге соғылған. ЖКО кезінде көлік құралының салонында жүргізуші жалғыз болған. Минивэннің жүргізушісі аяқ жарақатымен Қаскелең қаласының ауруханасына жеткізілді. ЖКО дерегі бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша әкімшілік материал жасалды", - деп хабарлады ЖКО баспасөз қызметі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также