ПОДЕЛИТЬСЯ
22 мамыр 2022 | 20:28
Алматы облысында нөсер жаңбырдан тасжол опырылып қалды
Алматы-Өскемен республикалық тасжолының 395-шақырымында нөсер жауыннан тасжол опырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы-Өскемен республикалық тасжолының 395-шақырымында нөсер жауыннан тасжол опырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жол бойында түсірілген видео кешке әлеуметтік желілерде пайда болды. Кадрлардан көрініп тұрғандай, нөсер жаңбырдың салдарынан асфальттың бір бөлігін су шайып кеткен. Оқиға орнында арнайы қызметтер жұмыс істеп жатыр. Төтенше жағдай салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.
"Алматы облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ғалымжан Дәрібаев пен Алматы облысы бойынша "ҚазАвтоЖол" филиалының директоры Ержан Жасыбаев төтенше жағдай орнына барды. Бұл Алматы-Өскемен республикалық тасжолының 395-шақырымы. Қазір онда автокөлік жүргізушілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін полиция кезекшілігі қойылған. Сондай-ақ, су тасқыны салдарын жою үшін құрылыс техникасы жұмылдырылды", - деп хабарлады Алматы облысының әкімдігі өкілдері.
"ҚазАвтоЖол" ҰК баспасөз қызметі қалпына келтіру жұмыстары басталғанын мәлім етті.
"Оқиға орнында "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Алматы филиалының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр, төрт арнайы техника жұмылдырылған. Тәулік бойы патрульдеу ұйымдастырылды. Аталған учаскеде автокөліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді", - деп хабарлады компания өкілдері.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также