13 желтоқсан 2020 10:34

Алматы облысында өрттен 4 адам қаза болды

Алматы облысында өрт кезінде 4 адам қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында өрт кезінде 4 адам қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2020 жылдың 13 желтоқсанында сағат 05.40-та Алматы облысының ТЖД-ға Ұйғыр ауданының Шонжы ауылында жеке тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Өртсөндірушілер оқиға болған жерге 4 минутта жетті, олар келгенде жеке тұрғын үй аумағындағы уақытша тұрғын үй құрылысы толықтай жанып жатты", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Өрт сөндіру барысында төрт адамның мәйіті табылды. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.


Суреттер: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Өрт сағат 06.09-да ауыздықталып, сағат 06.45-те сөндірілді. Өрттің көлемі 40 шаршы метр. Оның шығу себебі анықталып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram