21 тамыз 2020 | 11:28

Алматы облысында өрттен бір адам қаза болды

© Тұрар Қазанғапов

Алматы облысының Қаскелең қаласында бес қабатты тұрғын үйде өрт шықты. Пәтер иесі түтіннен уланып қайтыс болды, - деп хабарлайды inAlmaty.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысының Қаскелең қаласында бес қабатты тұрғын үйде өрт шықты. Пәтер иесі түтіннен уланып қайтыс болды, - деп хабарлайды inAlmaty.kz.

Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі өкілінің айтуынша, 20 тамызда Қаскелең батыр көшесіндегі пәтерлердің бірінде өрт шыққан. Хабарлама сағат 17.45-те келіп түскен. Алғашқы өртсөндіру тобы 10 минуттан кейін жеткен, ақпарат бойынша, бесінші қабаттағы пәтерде жиһаз бен үй заттары жанып жатқан.

Реклама
Реклама

"Пәтер иесі бірден Қаскелең ауданының орталық ауруханасына жансақтау бөліміне улану белгілерімен жеткізілді. Өкінішке қарай, ол есін жимастан қайтыс болды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр, оқиға болған жерде өрт зертханасы жұмыс істейді", - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілі.

Өрт сағат 18.27-де оқшауланып, бес минуттан кейін жойылды. ТЖД қызметкерлері 20 адамды эвакуациялап, төрт адамды құтқарды. Елу тұрғын өз бетінше пәтерлерінен шықты.

Құтқару жұмыстары кезінде №7 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл басшысы азаматтық қорғау капитаны Бәйтереков пен осы бөлімнің өртсөндірушісі Нүсіпбеков ерекше көзге түсті.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная