ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 11 наурыз 2020 12:11
Алматы облысында патрульдік және жүк көлігі соқтығысты
Әлеуметтік желілерде жүк көлігінің патрульдік көлікті қағып кеткен сәті түсірілген видео тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Видеода патрульдік көлік қарсы жолаққа шығып кеткені көрінеді. Полиция өкілдері осы видеоға қатысты пікір білдірді.
Полицейлердің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 4 наурызда Алматы-Көкпек-Көктал тасжолында болған. Патрульдік көлік жалған мемлекеттік нөмірмен кетіп бара жатқан көліктің соңынан жүрген.
"Hyundai Elantra маркалы патрульдік көлігі HOWO маркалы жүк көлігімен соқтығысты. Жол апатынан ешкім зардап шеккен жоқ", - деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу