02 сәуір 2019 17:55

Алматы облысында патрульдік көлік өртенді

видеодан үзінді

Алматы облысында патрульдік көлік өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында патрульдік көлік өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Instagram желісіндегі kris_p_brothers парақшасында оқиғаның видеосы жарияланды. Видеода "Полиция" деген жазуы бар көліктің өртеніп жатқаны түсірілген. 

Реклама
Реклама

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің өкілдері шамамен 16:00-де Алматы облысы Өтеген батыр ауылында өрт шыққанын мәлімдеді. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. 

"2 сәуірде 16:13-те Алматы облыстық ТЖД кезекші бөліміне Іле ауданы Өтеген батыр ауылындағы Жансүгіров көшесінде ("Жан" кафесінің маңында) патрульдік көліктің өртенгені туралы хабар жеткен. Облыстық ТЖД мамандары үш минутта өртті сөндірді. Өрт сөндіруге жеке құрамның үш маманы мен бір арнайы техника жұмылдырылды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің неден шыққаны тексеріліп жатыр", - деді баспасөз қызметінің өкілдері. 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram