14 ақпан 2021 | 15:00

Алматы облысында перзентхана қызметкерлері отырған шағын автобус аударылды

Фото: Instagram/kris_p_issyk

Алматы облысында перзентхана қызметкерлері отырған шағын автобус аударылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысында перзентхана қызметкерлері отырған шағын автобус аударылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға туралы ақпарат Instagram-дағы kris_p_issyk парақшасында жарияланды. Автордың айтуынша, жол апаты бүгін 7:40-та Маловодное ауылына жетпей болған. "Газель" Есік қаласындағы перзентхана қызметкерлерін басқа орынға көшіріп бара жатқанда аударылған. 

Реклама
Реклама

Алматы облысының полиция департаменті өкілдері 14 ақпанда Еңбекшіқазақ АПБ кезекші бөліміне "Талғар-Есік-Бәйдібек би" автожолының 72-шақырымында жол-көлік оқиғасы болғаны хабарланғанын айтты.

"Оқиға болған жерге барған жедел-тергеу тобы алдын ала "Mercedes Sprinter" автокөлігінің 41 жастағы жүргізушісі Сатай ауылының маңында, шығыс бағыттағы автожолмен қозғалып бара жатып, көктайғақ пен тұманда көлігін басқара алмай, аударылып кеткенін анықтады. Көліктің салонында 14 адам болған, олардың екеуі түрлі жарақат алып Есік қаласының ауруханасына жеткізілді", - деп хабарлады аймақ полиция өкілдері.

Жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша ҚР ҚК 345-бабы 2-бөлігіне сәйкес соталды тергеу басталды, қажетті сараптамалар тағайындалды.

Сурет: Instagram/kris_p_issyk

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная