Алматы облысында полицей өзіне қол жұмсады

Дина Шарипханова Корреспондент
Иллюстрация; ©Тұрар Қазанғапов

Алматы облысында полицей өзіне қол жұмсады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Облыстық полиция департаменті мәліметінше, өзін-өзі өлтіру дерегі бойынша жан-жақты тергеу басталды.

Алматы облысында полицей өзіне қол жұмсады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Облыстық полиция департаменті мәліметінше, өзін-өзі өлтіру дерегі бойынша жан-жақты тергеу басталды.

Балқаш аудандық полициясына аурухана фельдшерінен аудан орталығындағы пәтерлердің бірінде 31 жастағы полицейдің өзіне қол жұмсағаны туралы хабарлама келіп түсті. Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы 1-бөлігі ("Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу") бойынша тіркелген.

"Қайтыс болған азаматтың отбасылық қарым-қатынасында жеке проблемалары болған, ол да қылмыстық істі тергеу аясында тексеріледі. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу әрекеті толық жүргізіліп, жан-жақты және объектив тергеуді қамтамасыз ету үшін сараптама тағайындалған", - деп хабарлайды Алматы облысының Полиция департаменті баспасөз қызметі.

Реклама
Реклама

Тергеу барысы облыстық полиция бастығының бақылауына алынды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 201-бабы шеңберіндегі өзге мәліметтер жарияланбайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама