ПОДЕЛИТЬСЯ
03 тамыз 2022 | 15:59
Алматы облысында пойыз бен жеңіл көлік соқтығысты. Жүргізуші қаза тапты
Алматы облысындағы теміржол өткелінде жүк пойызы көлікті қағып өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы облысындағы теміржол өткелінде жүк пойызы көлікті қағып өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, 2 тамызда Іле ауданында "Еңбек-Құйған" теміржолында жүк пойызы мен Аudi 100 көлігі соқтығысқан.
"Соқтығыс салдарынан көлік өртеніп, оның 40 жастағы жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Көлікте болған тағы үш ер адам түрлі дене жарақаттарымен орталық аудандық ауруханаға жеткізілді", - деді полицейлер.
Жол-көлік оқиғасы ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі "Абайсызда адам өліміне әкеп соққан көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу" бойынша тергеліп жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также