Алматы облысында пойыз бен жеңіл көлік соқтығысты. Жүргізуші қаза тапты

Сұлу Бөлек Корреспондент
Алматы облысында пойыз бен жеңіл көлік соқтығысты. Жүргізуші қаза тапты Көрнекі сурет

Алматы облысындағы теміржол өткелінде жүк пойызы көлікті қағып өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы облысындағы теміржол өткелінде жүк пойызы көлікті қағып өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, 2 тамызда Іле ауданында "Еңбек-Құйған" теміржолында жүк пойызы мен Аudi 100 көлігі соқтығысқан.

"Соқтығыс салдарынан көлік өртеніп, оның 40 жастағы жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Көлікте болған тағы үш ер адам түрлі дене жарақаттарымен орталық аудандық ауруханаға жеткізілді", - деді полицейлер.

Жарнама
Жарнама

Жол-көлік оқиғасы ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі "Абайсызда адам өліміне әкеп соққан көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу" бойынша тергеліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама