05 ақпан 2021 | 12:38

Алматы облысында пойыз жайылып жүрген қойларды басып кетті

Фото: Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Алматы облысында пойыз бір отар қойды басып өткен. Көлік полицейлері теміржол бойында мал жайып жүрген 51 жастағы ер адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысында пойыз бір отар қойды басып өткен. Көлік полицейлері теміржол бойында мал жайып жүрген 51 жастағы ер адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға Қопа - Жиренайғыр темір жолында болған. Жүк пойызының машинисі жолда мал жайылып жүргенін көріп бірден пойызды тежеуге тырысқан. Бірақ оқиғаның алдын алу мүмкін болмады. Нәтижесінде 14 қойды басып өткен. Пойыз тоғыз минутта тоқтаған.

Реклама
Реклама

Жедел-іздестіру шарасы барысында Шамалған станциясының желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері мал иесін анықтады. Ол Алматы облысының 51 жастағы тұрғыны.

"Ер адам ҚР ӘҚБтК-нің 559-бабының 1-бөлігі ("Темiржол арқылы ат-арба көлігімен (шаналармен) өту және жүк артылған, мініс малды және табынды айдап өту, темiржолдардың бөлінген жолағында мал жаю қағидаларын бұзу") бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылды", - деп хабарлады департамент бастығының міндетін атқарушы Сарықұл Жоланов.

Айта кетейік, осындай оқиға 2020 жылы маусымда Қарағанды облысында болған еді. Онда жолаушылар пойызы Новалы-Сары Шаған жолында қой отарын қағып кетті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная