Алматы облысында сел жүрді

viewings icon
1149
comments icon
0
Көрнекі сурет: ©Tengrinews.kz Көрнекі сурет: ©Tengrinews.kz

Алматы облысының Кербұлақ ауданында нөсер салдарынан сел жүрді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы облысының Кербұлақ ауданында нөсер салдарынан сел жүрді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде сел жүрген аумақтың видеосы жарияланды. Көксу кенішіне баратын жол жабылған.

Назар аударыңыз! Видеода әдепсіз сөздер айтылады!

Реклама
Реклама

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті оқиға 14 шілдеде сағат 16.00 - 17.00 аралығында Алматы облысы Кербұлақ ауданының Көксу ауылдық округінде болғанын хабарлады. Көксу шатқалында нөсер мен бұршақ түрінде жауған жауын-шашын салдарынан тау баурайынан балшық түріндегі сел жүрген. Осыған байланысты Көксу орманшылығының №1 кордонына апаратын қара жолда (500 метр) балшық-тас шөгінділер пайда болды.

"Қазіргі уақытта ағын жоқ, қара жол тазартылды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Осы жағдай бойынша 101, 112 телефондарына, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарға хабарламалар түскен жоқ", - деді ТЖД өкілі.

Облыстық ТЖД 15-17 шілдеде де ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланғанын еске салды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная