ПОДЕЛИТЬСЯ
22 қараша 2021 | 08:33
Алматы облысында суқоймасының бөгеті жарылды
Алматы облысында Книжевск суқоймасының бөгеті жарылды. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы облысында Книжевск суқоймасының бөгеті жарылды. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оқиға 2021 жылдың 21 қарашасында сағат 23.13-те Мыңбаев ауылы маңында болған. Суқоймасының көлемі 4,47 миллион текше метр, қазіргі уақытта ол 50 пайызға толы.
Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ, үйлерді су басқан жоқ. Облыстық Мыңбаев-Қасымбек автожолы арқылы су тасқыны өтіп жатыр. Полиция қызметкерлері көлік қозғалысын шектеу үшін бекеттер орнатқан.
"Су көлемі азайып келеді. Қарғалы өзенінің арнасынан айналма жол жүргізілуде. Қазіргі уақытта елді мекендерді су басу қаупі жоқ. Оқиға орнында ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері жұмыс істеп жатыр. Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының, жергілікті атқарушы органдардың және басқа да мүдделі қызметтердің қызметкерлерімен бірлесіп, Төтенше жағдайлар министрлігі ғимаратында жою штабы құрылды", - деді ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также