10 маусым 2024 | 11:55

Алматы облысында тойға жиналғандар автоматтан оқ атқан

видео кадры

Әлеуметтік желіде жастардың автомат пен тапаншадан аспанға оқ атып жатқаны түсірілген видео тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желіде жастардың автомат пен тапаншадан аспанға оқ атып жатқаны түсірілген видео тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеоға қарағанда, оқиға той кезінде болған. Музыка фонында қонақтар атыс қаруынан аспанға бірнеше рет оқ атады. Жиналғандар олардың әрекеттерін телефонға түсіреді.

Алматы облысының Полиция департаменті қазір оқ атқандардың жеке басы анықталып жатқанын хабарлады.

Реклама
Реклама

"Алматы облысының полицейлері құқық бұзушыларды анықтау бойынша қажетті шараларды қабылдап жатыр, олар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады", - деп хабарлады ведомство.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram